Полиция қызметкерлерінің ақпаратынша, қайғылы жағдай кезінде бассейнде тағы 4 адам болған...
16 қаңтар күні елордалық спорт кешеніндегі бассейннен 21 жастағы арудың денесі табылды, деп хабарлады paryz.kz, Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Белгілі болғандай, спорт кешенінің бапкері бассейнде қозғалыссыз күйде жатқан бойжеткенді байқап қалған. Ол бірден оны судан шығарып, жасанды тыныс алу мен жүрегіне массаж жасаған. Жедел жәрдем келіп жеткен кезде 21 жастағы бойжеткеннің өлімі тіркелді", - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Полиция қызметкерлерінің ақпаратынша, қайғылы жағдай кезінде бассейнде тағы 4 адам болған.
"Марқұм бассейнге біржолғы абонемент сатып алып келген", - деп нақтылай кетті ПД өкілдері.
Жас қыздың өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір аталған оқиға бойынша тексеріс басталды.