Көліктің артына байлап сүйреген: Бұл жолғы атыраулық ит Алматыға жіберілмек

Ауыр жарақат алған итке бір аптадан бері қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Көліктің артына байлап сүйреген: Бұл жолғы атыраулық ит Алматыға жіберілмек
фото: ашық дереккөз

Қаңтардың басында иесі көліктің артына байлап алып сүйреген атыраулық ит Алматыға жіберілді, деп хабарлады paryz.kz.

Ауыр жарақат алған итке бір аптадан бері қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Еріктілердің қарауында болған иттің жағдайы жақсарған.

Тағы оқи отырыңыз: Атырауда көлік артына байлап сүйреген ит тірі қалды (ВИДЕО)

Тағы біреу Атырауда итті көшеде көлігімен сүйреді (ВИДЕО)

Есіктің есірген тұрғыны итті көлік артына байлап, көшеде сүйреген (ВИДЕО)

Тоңазытқыштың есігімен қылғындырылған ит АҚШ-қа ұшып кетті (ВИДЕО)

"Осыған дейін ол тіпті орнынан тұра алмайтын. Қазір өзі тұрып, құйрығын бұлғаңдата алатын болды. Енді ит Алматыдағы иесімен бірге тұрады. Жаны жайсаң адамдардың арқасында біз 800 мың теңге жинадық. Біз бұл қаражатқа ветеринарлық клиникадағы қарыздарды жауып, қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектер сатып алдық" , - деді Атырау еріктілер ұйымының жетекшісі Венера Манасова.