Атырауда көлік артына байлап сүйреген ит тірі қалды (ВИДЕО)

Олардың айтуынша, көлік жүргізушісі келтірген жарақат бойынша сараптама жүргізіледі.

Атырауда көлік артына байлап сүйреген ит тірі қалды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Атырауда еріктілер жүргізуші көлігіне байлап сүйреген итті тауып алған. Ол туралы видео Instagram-дағы Help_animals_atyrau парақшасында жарияланды, деп хабарлады paryz.kz.

"Ит өлімнен аман қалды. Полиция қоңырауынан кейін еріктілер бірден жолға шықты. Ит дереу клиникаға апарылды. Клиникаға оны емдеп, жарасын жазғандары үшін көп рақмет. Итке ауырсынуды басатын дәрі салынып, жаралары мұқият өңделіп, дәрумендер егілді. Көріп отырғаныңыздай, видеода ол төрт аяқтап ауруға шыдап тұрды. Сондай ақылды, жаралары өте терең. 2-видеода жарасынан қиыршық тас шығарылып жатыр. Дәрігер ем тағайындады. Көмектесемін дейтіндер болса, қуанатын едік" деп жазды парақша әкімшілері.

Олардың айтуынша, көлік жүргізушісі келтірген жарақат бойынша сараптама жүргізіледі.

Тағы оқи отырыңыз: Тағы біреу Атырауда итті көшеде көлігімен сүйреді (ВИДЕО)

Есіктің есірген тұрғыны итті көлік артына байлап, көшеде сүйреген (ВИДЕО)

Жануарларды қорлағандарға 5,8 млн теңгеге дейін айыппұл салу көзделді

"Аталған факт бойынша автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", – деді полиция өкілі.