Тағы біреу Атырауда итті көшеде көлігімен сүйреді (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, осыған ұқсас оқиға Екібастұзда да болған еді. Онда 72 жастағы ер адам анықталған болатын.

Атырауда жүргізуші итті көлікке байлап, көше бойында сүйреген. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлады paryz.kz

Видео жарияланған соң полиция қызметкерлері ондағы жүргізушіні іздестіре бастаған.

"Аталған факті бойынша автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Қылмыстық Кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді полиция өкілі.

Тағы оқи отырыңыз: Жануарларды қорлағандарға 5,8 млн теңгеге дейін айыппұл салу көзделді

Есіктің есірген тұрғыны итті көлік артына байлап, көшеде сүйреген (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, осыған ұқсас оқиға Екібастұзда да болған еді. Онда 72 жастағы ер адам анықталған болатын.