Куәгерлер түсірген бейнетаспада көліктің жүк тиейтін бөлігіне байланған алабай тұқымдас иттің күре жолмен сырғанап бара жатқаны анық көрінеді.
Павлодардың полицейлері итті көлікпен сүйреген адамды іздеп тапты. Ол Екібастұз қаласының 72 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, бүгін әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыға түскен болатын. Куәгерлер түсірген бейнетаспада көліктің жүк тиейтін бөлігіне байланған алабай тұқымдас иттің күре жолмен сырғанап бара жатқаны анық көрінеді. Полиция қызметкерлері кеншілер қаласының тұрғыны таңертеңгі уақытта итін ветеринария емханасына апарғанын анықтады. Қарт адамның үйіне қайтарда оны көлікке мінгізуге шамасы келмепті.
Тағы оқи отырыңыз: "Есіктің есірген тұрғыны итті көлік артына байлап, көшеде сүйреген (ВИДЕО)"
"Жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір көлік айып тұрағына қойылған. Ал ит иесіне қайтарылды", - дейді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Белялова.