"Мәди - шын мәнінде дұрыс адам": Айдос Сарым "ең жас депутатты" ақтап отыр

"Мәди, қоғамның сөзіне құлақ аспай-ақ қой..." - дейді Айдос Сарым.  

"Мәди - шын мәнінде дұрыс адам": Айдос Сарым "ең жас депутатты" ақтап отыр
фото: ашық дереккөз

"Фейсбукстан тұрғындарының ойын өзгерту мүмкін емес екенін білемін. Бірақ Мәди Ахметов туралы айтуым керек". Facebook-те Айдос Сарым елбасына көзі тірісінде ескерткіш қойғысы келетін жас мәжілісмен туралы осындай пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz

"Мәди Ахметовпен Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде жұмыс істедік. Енді Парламент қабырғасында жұмыс істейік деп отырмыз. Мәди - шын мәнінде дұрыс адам, жастардың лидері. Партиялық тізімге сөйлеген сөздері үшін емес, атқарған нақты жұмыстарының арқасында енді. Не айтса да ол өзінің пікірі ғой", - дейді Сарым.

Тағы оқи отырыңыз: Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған бала "ең жас депутат" болып шыға келді

Бұдан ары пост авторы Мәдиге өзінің ағалық ақылын айтқан.

"Мәди, қоғамның сөзіне құлақ аспай-ақ қой. Уильям Уоллас туралы Мел Гибсон түсірген фильмде ұлына билігін тапсырып жатқан корольдің мынадай қанатты сөзі бар: "Егер сені қарғап-сілеп жатса, сен саясатқа дайынсың!" - дейді ол.