Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған бала "ең жас депутат" болып шыға келді

"Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылының бойында сіздің құрметіңізге ескерткіш қоюға рұқсат беруіңізді сұраймыз", - деген-ді сонда Мәди Ахметов.

Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған бала "ең жас депутат" болып шыға келді
фото: ашық дереккөз

Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітілгені мәлім. Солардың қатарында ең жас депутат - Алматы қаласы бойынша "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов те бар, деп хабарлады paryz.kz.

Себебі, былтыр ол Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қою туралы ұсыныс жасаған еді.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, еліміздің дамуы мен көркеюіне өлшеусіз үлес қосқаныңыз үшін Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылының бойында сіздің құрметіңізге ескерткіш қоюға рұқсат беруіңізді сұраймыз", – деген-ді сонда Мәди Ахметов.

Ал бұл ұсынысқа елбасының өзі:

"Мен президент емеспін. Менің қолымда тұрған ештеңе жоқ. Егер халық қаласа, бас тартуға хақым жоқ. Рахмет сендерге. Бақытты болыңдар!" - деп мәз болып қалған.

Нәтижесі – міне. Сол "халық" қазір Мәжіліс депутаты атанып отыр.