Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте әйел жасырын казинодан тапқан ақшасын дәретханаға ағызып жіберді

Екі баланың анасы жалға алған пәтерін кәдімгі казинодан кем етпей: қалың перде, еменнен жасалған үстел және покер ойынына қажет барлық аксессуармен жабдықтаған.

Шымкентте әйел жасырын казинодан тапқан ақшасын дәретханаға ағызып жіберді
фото: ашық дереккөз

Шымкент тұрғыны пәтер жалдап, жасырын казино ашқан. Құқық қорғаушылар пәтерді тінту үшін келгенде әйел ақшасын дәретханаға ағызып жіберген, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Шұғыл әрекет ету арнайы жасағы және Қаржы комитетінің қызметкерлері заңсыз мекемеге кіргенде, 300 мың теңгеге жуық ақшасын ұтылған 7 қонақты анықтайды. Өзбекстаннан келген 30 жастағы бизнесвумен бұл ақшаның бәрін кәрізге ағызған.

Екі баланың анасы жалға алған пәтерін кәдімгі казинодан кем етпей: қалың перде, еменнен жасалған үстел және покер ойынына қажет барлық аксессуармен жабдықтаған. Тіпті бейнебақылау камерасын да қойған. Енді әйел 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуі керек.

Тағы оқи отырыңыз: Шымкентте ер адам жалға алған пәтерін казиноға айналдырған

"Ұстаған кезде сотталған азаматпен бірге тағы ойнап отырған 7 адам және 2 дилер қыз болды. Бәрі істе куәгер ретінде қарастырылды. Әйел дилерлердің 5 мың теңгесін алдап алған. Олар қылмыс бизнес екенін білмегенін айтты. Ал ұстау кезінде табысының бәрін дәретханаға ағызып жіберген. Олар іске өкінгенін айтқаннан кейін кешірілді", - деді судья Қанат Мылтықбаев.