Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте ер адам жалға алған пәтерін казиноға айналдырған

3 покер ойынына арналған полотно, 1 бейне тіркегіш, 1400-ден астам казино фишкалары, 5 колода ойын карталары мемлекет кірісіне айналдырылды...

Шымкентте ер адам жалға алған пәтерін казиноға айналдырған
Видеодан скриншот

Қаржы мониторингі комитеті Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың тағы бір дерегін анықтады, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, қала тұрғыны Шымкент қаласының 4-шағын ауданында пәтерді жалға алып, онда заңсыз "покер" құмар ойынын ұйымдастырған. Заңсыз ойын ойнауға арналған ойын үстелі, фишкалар, колода карталарын және диллер тастарын алып, өзінің таныстарына "покер" құмар ойынын ойнатып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз іске асырған.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Тәркіленіп алынған 3 покер ойынына арналған полотно, 1 бейне тіркегіш, 1400-ден астам казино фишкалары, 5 колода ойын карталары мемлекет кірісіне айналдырылды. Ал 2 дана диллер тасы, 3 дана суреттер салынған мөртаңба және әртүрлі сандар жазылған қағаздар жойылған.