11.01.2021, 17:41

Карантин: ШҚО-да сайлау комиссиясының мүшелері оқшауланды

фото: svoi.city

Егер нәтиже оң болса, жұмыстан шеттетіледі.

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Елубаев сайлау комиссияларының мүшелерін 3 күнге карантинге жіберуге шешім қабылдады, деп хабарлады paryz.kz.

Сайлау комиссияларының мүшелері Мәжіліс және мәслихаттар сайлауының қорытындысы шыққан сәттен бастап 72 сағат мерзімге үйде оқшаулануға (үй карантині) міндетті. 72 сағаттан кейін олар ПТР әдісі арқылы COVID-19-ға қарсы бақылау тестінен өтуі қажет.

"Егер нәтиже оң болса, жұмыстан шеттетіледі. Ал COVID-19 инфекциясының белгілері болса, емделеді. Егер нәтиже теріс болса, өз қызметтік міндетін орындауды жалғастырады", - делінген санитар дәрігердің қаулысында.

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына медициналық бақылау жасау және ПТР әдісін қолдана отырып, COVID-19-ға қарсы тестілеу тапсырылды.