Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Далада тоңып отырған баланы суретке түсірген қыз жатақханадан қуылмақ (ВИДЕО)

Динара Сәтжанға берген сұхбатында жас қыз өз ісіне өкінетінін айтқан.

Далада тоңып отырған баланы суретке түсірген қыз жатақханадан қуылмақ (ВИДЕО)
Фото: дереккөз

Елорданың іргесіндегі Қосшы ауылында далада жаурап отырған қызды суретке түсіріп, желіге таратқан қызды жатақханадан шығарып жібермекші. Журналист Динара Сәтжан қысым көрген қыздан сұхбат алып, видеоны өзінің Instagram парақшасына жариялады, деп хабарлады paryz.kz.

Динара Сәтжанға берген сұхбатында жас қыз өз ісіне өкінетінін айтқан. Бірақ ол бүлдіршін үшін алаңдаған, егер әрекет етпесе, балаларға қауіп төнеді деп ойлаған. Сондай-ақ, анасының қызын неге далаға шығарып жібергені де анықталды. Белгілі болғандай, ол "көршінің затын алғаны үшін" осылай жазаланған.

Тағы оқи отырыңыз: Балаларын ұрып, далаға қуып шыққан елордалық ана көптен кешірім сұрады

"Айжамал өз ісіне қатты өкінеді. Мен оған сенемін. Ата-ана құқығынан айыруға болмайды! Ол үшін бұл - үлкен сабақ. Ата-аналар осы жағдайдан ой түйсе екен. Балаларға қамқорлық пен жылулық қажет. Олар ата-аналарын жақсы көреді. Бәрі де жаман емес", - дейді Динара Сәтжан.