Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Балаларын ұрып, далаға қуып шыққан елордалық ана көптен кешірім сұрады

"Ақша деген түкке жетпейді, пәтерақы жын қуғандай тез жетіп келеді, үнемі жұмыс іздеуге тура келеді. Рас, кеше бар өшімді балалардан алдым", - дейді ол.

Балаларын ұрып, далаға қуып шыққан елордалық ана көптен кешірім сұрады
фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің қатыгез әрекетін түсіндіріп, көптен кешірім сұрады, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде аязды күні далада жалаңаш отырған қыз баланың суреті пайда болып, көптің талқысына түсті. Тексере келе, әйел адам баласын осылайша жазаламақшы болғаны белгілі болды.

Ол бұл жайт өзіне сабақ болғанын айтып, өз ісіне өкінетінін жеткізді.

Тағы оқи отырыңыз: Нұрсұлтандық әйел балаларын ұрып, жалаңаш далаға қуып шыққан

"Қатты шаршап кеттім. Ақша деген түкке жетпейді, пәтерақы жын қуғандай тез жетіп келеді, үнемі жұмыс іздеуге тура келеді. Рас, кеше бар өшімді балалардан алдым. Бөтен біреулер балаларымды алып кеткенін қаламаймын. Мен қызымды суық далаға қуып шықтым, бұлай бәрі жалғаса беруі дұрыс емес екенін өзімнің есіме салу үшін", - дейді ол.