Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Нұрсұлтандық әйел балаларын ұрып, жалаңаш далаға қуып шыққан

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің өкілдері  көршісінен оның осы әрекеті туралы хабар 23 желтоқсанда сағат 21.20-да келіп түскенін айтты.

Нұрсұлтандық әйел балаларын ұрып, жалаңаш далаға қуып шыққан
фото: дереккөз

Нұр-Сұлтанда анасы бұзықтығы үшін 6 жасар ұлын ұрып-соғып, 8 жастағы қызын киімсіз далаға қуып жіберген, деп хабарлады paryz.kz, елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылап отырған қыздың суреттері әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Ішкиімі ғана бар қыз үйдің кіреберісінде отыр. Басқа бір суретте ол дәліздегі еденде ұйықтап жатыр. Жазба авторы анасы осылайша қызын сөз тыңдамағаны және еркелігі үшін жазалағанын айтқан. Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің өкілдері көршісі оның осы әрекеті туралы хабар 23 желтоқсанда сағат 21.20-да келіп түскенін айтты.

"Полиция қызметкерлері 35 жастағы тұрғынды анықтады. Әйел бұл әрекетімен көршісінен киім-кешек ілетін қысқыштарды рұқсатсыз ойнауға алған балаларды жазалағысы келгенін айтты. Отбасы Нұр-Сұлтан ПД ювеналды полициясында профилактикалық есепке алынды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары заңды өкілдерге қатысты объектив шешім қабылдау үшін жағдайдың мән-жайын жан-жақты зерттеп жатыр", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.