Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Қуатың қуып кетпесін...": Алтынбекова сақалды жігітпен некелескен бе?

Некені куәландырып отырған имам белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбай сияқты...

"Қуатың қуып кетпесін...": Алтынбекова сақалды жігітпен некелескен бе?
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Қазақстандық танымал волейболшы қыз Сәбина Алтынбекова Instagram-дағы парақшасына мұсылманша неке қидыру рәсімінен бір сурет жариялады, деп жазды paryz.kz.

"Мен биылғы жылды ең жақсы ер адамның әйелі мәртебесінде аяқтаймын", - деп жазды ол, суреттің тұсына.

Бұдан аңғарғанымыз, некені куәландырып отырған имам белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбай сияқты. Ал хиджабтың заманауи үлгісін киген қалыңдықтың қасында отырған күйеуі – сақалды жігіт екен.

Тағы оқи отырыңыз: Сәбина Алтынбекова Қуат Хамитовтың сезіміне жауап қайтарды

Еске сала кетсек, UFC шебері Қуат Хамитов таяуда ғана өзінің осы Сәбинаны жар еткісі келетінін айтып, ағынан жарылған болатын. Ал мына жазбаны көрген желі қолданушылар "Қуатың қуып кетпесін", "Қуат нокаутқа кетті ғой" төңірегіндегі жазбалар қалдырса, енді біразы "машаллаһқа" басып жатыр.