Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Сәбина Алтынбекова Қуат Хамитовтың сезіміне жауап қайтарды

"Келесі жылы жазда, егер мен UFC-мен келісім жасасам, Америкаға барсам, содан кейін үйлену туралы ойлана аламын", – деген еді спортшы жігіт...

Сәбина Алтынбекова Қуат Хамитовтың сезіміне жауап қайтарды

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Қуат Хамитов "Қызық Live" бағдарламасында атақты волейболшы Сәбина Алтынбекованы жар еткісі келетінін айтқан болатын. Бүгін қыз да осы тақырыпқа қатысты сұраққа жауап берді, деп жазды paryz.kz.

"Мен қайда барсам да, бұл сұрақ қойылады. Ата-анам да уақыт келді, немере керек дейді. Олар бұған дейін айтқан жоқ, бірақ, қазір жиі айтады. Мен спортшымын, қазір уақыт жоқ. Төрт-бес ай бойы шетелде жүрмін. Қазір менің мақсатым 4 желтоқсандағы жекпе-жекте жеңіске жету, содан кейін келесі жылға жоспар бар. Келесі жылы жазда, егер мен UFC-мен келісім жасасам, Америкаға барсам, содан кейін үйлену туралы ойлана аламын", – деген еді спортшы жігіт.

Сол сәтте кімге үйленгісі келетінін сұраған тележүргізушілерге ол алдағы уақытта волейболшы Сәбина Алтынбекованың "соңынан жүгіретінін" айтты. Одан кейін Сәбина да Instagram-дағы парақшасында осы тақырыпқа қатысты оқырмандарының сұрағына жауап берді.

"Қуатты шыншылдығы, турашылдығы және қазақ батырына тән мықты рухы үшін әрқашан құрметтеймін. Спорттағы барлық мақсаттарына қол жеткізетініне күмәнім жоқ" деп жазды ол. Не қарсымын, не қарсы емеспін демеген. Соған қарағанда, "кетәрі емес" сияқты...