26.04.2023, 12:27

Алматы облысында қонақ үйден 26 жастағы қыздың денесі табылды

Фото: inform. kz

Алматы облысында 26 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

20 сәуір сағат 14:25 шамасында Алматы облысы полициясына Қарасай ауданының аумағында орналасқан қонақ үйлердің бірінен хабар түсті.

Онда қонақ үйден 26 жастағы азаматшаның мәйіті табылғаны айтылған.

Бұл жағдай ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі - «кісі өлтіру» бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді.

Тергеу кезінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы П. есімді азамат ұсталды.

Күдікті қамауға алынды.

«ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды» дейді полициядан.