Шымкенттік полицейдің күдіктімен түскен селфиі өз басына пәле болды

"Бұл қызметкерге қатысты қызметтік аудит басталды. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланады", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Шымкенттік полицейдің күдіктімен түскен селфиі өз басына пәле болды
фото: ашық дереккөз

Шымкентте егде жастағы әйелді зорламақ болған күдіктіні ұстап, онымен селфиге түскен полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz

"Бұл қызметкерге қатысты қызметтік аудит басталды. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарланады", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 17 желтоқсанда ер адам подъезге кірген егде жастағы әйелдің ту сыртынан тап берген. Оны артынан келіп қылқындырып, талдырып, жерге құлатып, зорламақ болды. Арасында есін жиып, қарсылық білдірген әйелді ол бірнеше мәрте басынан жұдырықтаған. Бірақ қаскөй өз әрекетін соңына жеткізе алмай қалды. Сырттан абыр-дабыр естілді ме, ол орнынан тұрып, тұра қашады.

Тағы да оқи отырыңыз: Зейнеткерді зорламақ болған күдіктінің суреті жарияланды (ФОТО)

Кеше күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол Шымкент қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында.