Бұған дейін бірнеше рет сотталған. Бірақ қазір әлі қолға түспей жатыр.
Шымкентте 70 жастағы зейнеткерді зорламақ болған күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлады paryz.kz, қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған оқиға 17 желтоқсан күні сағат 23:15-те көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. Еңбекші аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне қарт әйелге жедел көмек қажеттігі туралы ақпарат түскен.
Күдіктінің кім екені анықталды. Ол - Шымкент қаласының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет сотталған. Бірақ қазір әлі қолға түспей жатыр.
Аталған іс Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-тармағы, 120-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.