24.03.2023, 22:47

Астанада және тағы бірнеше өңірде тұманға байланысты ескерту жасалды

Сурет: Lenta.ru

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 наурызда Астанада және бірнеше өңірде тұманға және желге байланысты ескерту жасады

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.