17.03.2023, 18:03

«Құр нан және қара шай.» Алматыдағы балабақшада берілген түскі ас видеоға түсіп қалды

Сурет: Altyn-orda.kz

Алматы қалалық білім басқармасы мүмкіндігі шектеулі балалардың ас ішу процесі түсірілген видео Алматы қаласы Алатау ауданындағы «No164 балабақша» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында түсірілгенін хабарлады, деп хабарлайды Paryz.kz, Altyn-orda.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қазіргі уақытта білім басқармасы 2023 жылдың 16 наурызы мен 20 наурызы аралығында егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы мен балабақша меңгерушілері, медбикелерден тұратын мониторингтік топ құрды. Қоғамдық тамақтандыру бойынша толық ақпарат  тексеруден кейін беріледі», — делінген хабарламада.