Алматыда Димаш Құдайбергеннің муралы қайта қалпына келтірілді

Қала тұрғындары жөндеу жұмыстарын жүргізуге қала әкімдігінің келісімін алды.

Алматыда қамқор азаматтардың бастамасымен Димаш Құдайбергеннің муралын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматыда Димаш Құдайбергеннің муралы қайта қалпына келтірілді
Сурет: informburo.kz

Мурал 2020 жылы Сейфуллин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы үйдің қабырғасына салынған болатын. Авторы – алматылық суретші Батыр Сәдуақасов. Алайда 2022 жылы күзде әкімдік мурал салынған үйге жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жөндеу барысында қабырға жабыны айтарлықтай бүлініп, сурет көмескі тартқан. 

Қала тұрғындары муралды қалпына келтіруге қаражат жинап, жөндеу жұмыстарын жүргізуге қала әкімдігінің келісімін алды.