"Павлодар, Петропавл деген атаулар жойылсын!": жастар билікке талап қойды (ВИДЕО)

Жастар бұл талап орындалмаса, Солтүстік Қазақстанға барып, митинг өткізетіндерін мәлімдеді.

"Павлодар, Петропавл деген атаулар жойылсын!": жастар билікке талап қойды (ВИДЕО)
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы қаласында "Намыс" жастар қозғалысының белсенділері Тәуелсіздік алаңына барып, үндеу жасады, деп хабарлады paryz.kz, dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Ұйым белсенділері 1986 жылы алаңда шейіт болған боздақтарға құран бағыштады. Сонымен қатар, билікке шарт қойды. Олардың сөзінше, ресейлік саясаткерсымақтардың сауатсыз мәлімдемесін жауапсыз қалдыруға болмайды әрі Қазақстандағы 2 ірі қаланың атауын өзгерту керек.

Тағы оқи отырыңыз: "Шекарасы, билігі бар мемлекет болған жоқ": Жириновский Никоновты қолдады (ВИДЕО)

"Ресей империясынан қалған Павлодар, Петропавл деген атаулар жойылып, қалаларға қазақи атау берілсін! Солтүстік аймақтарда қазақ тілі үстемдік жасасын! Қазақтар Қызылжар және Ертіс деген атауды пайдаланған. Сол атаулар қайтарылсын!", – деді "Намыс" жастар қозғалысының белсенділері.

Жастар бұл талап орындалмаса, Солтүстік Қазақстанға барып, митинг өткізетіндерін мәлімдеді.