Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Шекарасы, билігі бар мемлекет болған жоқ": Жириновский Никоновты қолдады (ВИДЕО)

"Қазақ тайпалары Орта Азияда көшіп-қонып жүріп, бәрі шатасып кеткен", - дейді ол.

"Шекарасы, билігі бар мемлекет болған жоқ": Жириновский Никоновты қолдады (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Тыныш жүрмейтін ЛДПР көшбасшысы Владимир Жириновский Ресей Мемлекеттік Думасы Білім және ғылым комитетінің төрағасы, депутат Вячеслав Никоновтың қазақ қоғамында үлкен резонанс тудырған сөзін сөйлеп шықты, деп хабарлады paryz.kz.

"Ол бәрін дұрыс айтты. Никонов - өте сауатты адам. Оның атасы - сыртқы істер министрі Молотов тірі болғанда, мұны растаушы еді", - деді Жириновский журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол "қазақ тайпалары Орта Азияда көшіп-қонып жүріп, бәрі  шатасып кеткен" деп айтып қалды.

Тағы оқи отырыңыз: Ресейлік газет мұқабасын Қазақстан жері туралы айтылған даулы мәлімдемеге арнады

"Бірақ шекарасы, билігі бар мемлекет болған жоқ. Мұның бәрін жасанды түрде Кеңес өкіметі құрды", - деді саясаткер Никоновқа тағылған айыптарға наразылық білдіріп.