Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ресейлік газет мұқабасын Қазақстан жері туралы айтылған даулы мәлімдемеге арнады

Басылым басқа дәлелдерді де келтірген. Алайда шекарада қандай да бір мәселелер болса, олар 15 жыл бұрын толығымен шешімін тауып қойғаны атап өтілген.

Ресейлік газет мұқабасын Қазақстан жері туралы айтылған даулы мәлімдемеге арнады
фото: РИА Новости

Ресейлік "Новая газета" басылымы бүгінгі шығарылымының мұқабасын Ресей депутаттарының Қазақстан жері туралы айтқан даулы мәлімдемелеріне арнады, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Газеттің №140 шығарылымының мұқабасы "Үш қабатты дипломаттар" деп аталды. Онда басылым "СІМ балқандармен, ал "Единая Россия" Қазақстанмен қарым-қатынасты бұзды" деп жазған. Мақалада Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың "Қазақстан аумағы - Ресейдің үлкен сыйлығы" деген сөзіне қатысты жағдай сипатталған. Мемлекеттік Думаның басқа бір депутаты Евгений Федоровтың да мәлімдемесі жазылған.

"Никоновтың, Федоровтың және басқа да олардың "жақсатсарының" тұжырымдары бірнеше дәлелге негізделген. Солтүстік Қазақстанда, олардың көзқарасы бойынша, негізінен орыстар тұрады, бұл - тың игерушілердің ұрпағы, ал бұл жерлер - Оңтүстік Сібірдің бөлігі, жанында Оңтүстік Орал тұр. Ал қазақстандық мамандар бұған мүлде келіспейді: республикада орта ғасырларда Солтүстік Қазақстан аумағында қазақ тайпалары өмір сүрген деп мәлімдеген атақты археолог Әлкей Марғұланның зерттеулері үлкен беделге ие" деп жазылған Ресей газетінде.

Басылым басқа дәлелдерді де келтірген. Алайда шекарада қандай да бір мәселелер болса, олардың 15 жыл бұрын толығымен шешімін тауып қойғаны атап өтілген.

"2005 жылы екі ел мәселелерді шекара туралы шарт негізінде ратификациялаған. Елдердің бір-біріне ешқандай шағымы жоқ: Ресейдің Қазақстанның солтүстік бөліктеріне, Қазақстанның Орынборға", - деп жазылған басылымда.

Мақалада "Кремльдің Қазақстанның қандай да бір бөлігін аннексиялау жоспары жоқ" екені де жазылған.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақтан қамқорлық көрген шешендер Ресей депутаттарын "екі ешек" деп атады (ВИДЕО)

"Кремльдің шын мәнінде Қазақстанның қандай да бір бөлігін аннексиялау жоспары жоқ: ортақ шекарасы 7,5 мың шақырым елмен қарулы қақтығыс бастау үшін абсолютті өзін-өзі өлтіруші болу керек шығар. Бірақ ресми Мәскеудің үнсіздігі - Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Виктор Водолацкийдің түсіндірмесі негізсіз болып көрінеді" делінген мақалада.