14.12.2020, 22:53

Әлия Назарбаева экологиялық мектеп ашатын болды

Фото: ашық дереккөз

Осыған дейін Назарбаева Алматыда қоқыстан көркем жұмыстар көрмесін ашқан болатын.

Қазақстанның Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  кіші қызы Әлия Назарбаева Alem Eco School білім беру кешенінің құрылысы басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Оның Facebook-тегі парақшасына жазуынша, Alem Eco School - экология, мәдениет және өнер саласындағы авторлық бағдарламаға негізделген Қазақстандағы алғашқы инновациялық экологиялық мектеп.

Кешеннің ашылуы 2022 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Әлия Назарбаева жақын арада жаңа мектеп және оның авторлық бағдарламасының өзгешелігі туралы толығырақ айтып беретініне уәде берді.

Осыған дейін Назарбаева Алматыда қоқыстан көркем жұмыстар көрмесін ашқан болатын. Көрмені ұйымдастырушылар адамдардың назарын қалада да, табиғат аясында да көбейіп келе жатқан қоқыс мәселесіне аударғысы келеді.