Ал кеше Жүрсін Ерман әлеуметтік желіге аурухана палатасынан видео жүктеді деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі Түркістан сайтына сілтеме жасап.
Видеодан ақынның айтыс тыңдап отырған сәтін көруге болады.
Ақынның оқырмандары оның тез сауығып кетуіне тілектесіп, жылы лебіздерін білдірді.
«Алла шипасын берсін, аға! Алла сәтін салып, шипа берсін! Саулығыңызды тілейміз», – деген пікірлер қалдырған.