27.12.2022, 18:05

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған қыз қайтыс болды

фото: phonoteka.org

Павлодарда сегізінші қабаттан құлаған 15 жастағы қыз ауруханада көз жұмды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Павлодарда 8-ші қабаттан құлаған 15 жасар жастағы қыз ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.

Бала көптеген жарақаттар алған. Сүйектердің, омыртқаның сынуы, жұлынның зақымдануы, ішкі органдарының көптеген зақымдануы болды. Ауруханамыздың дәрігерлері қолдан келгеннің барлығын жасады. Өкінішке орай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады - деді облыстық балалар ауруханасында.

Еске салайық, 22 желтоқсан күні сағат 17:06-да облыстық жедел жәрдем қызметіне 8-қабаттан бала құлағаны туралы қоңырау түскен. Қыз бала Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлаған.