21.12.2022, 18:55

Жасы 50-ден асқан адамдарды жұмысқа алған компанияларға субсидия беріледі

Фото: ашық дереккөзден

1 қаңтардан бастап зейнет жасына дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізіледі деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

 Қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидия мөлшері ұлғайтылады.

Субсидия мөлшері:

- жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын);

- жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын);

- жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.