20.12.2022, 19:30

Ақтөбе облысында жұмысшы көз жұмды

фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы АltynEx Company-ға тиесілі шахтада жұмысшы көз жұмды, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 9:30-да болған.

Бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. 48 жастағы энергетик шахта желдеткішінің жанында болған. Ол кабель жүргізіп жатқан. Жүк көлігінің жүргізушісі ештеңе көрмегенін айтты, - деді Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Искарин

Айта кетейік, АltynEx Company алтын өндіреді. Ведомство мәліметінше, ондағы жұмысшылардың 98%-ы қазақтандықтар, әрі ол – өңірдегі ең ірі жұмыс беруші.