Түн жарымында жігіт өткелден секіріп, мұздың үстіне түскен. Өкінішке орай, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
“Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегімен сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – дейді қалалық полиция басқармасының өкілдері.