Кеме мен балық облыстағы балықшы кооперативтердің біріне тиесілі. Олар 7 тонна балық пен бағасы 500 мың АҚШ доллары тұратын кемені вахталық әдіспен күзетіп тұр. Кеме қайырлаған аумақта судың тереңдігі 1 метрге жетпейді. Сондықтан балық иелері үшін көктемді күтуден басқа амал жоқ.
Кеме капитаны Иван Павлович: «Кемені мұз құрсауы қыспау үшін күн сайын таңертең мұз оямыз. Мұз қысса кеменің корпусын жарып жібереді. Сондықтан күнде ойып тұрамыз. Күн сайын таңертең, кей кезде 5 сантиметр қалың болып қалады түнімен. Бүгін 3 сантиметр болды. Аяздың беті қайтты», – дейді.