Айтуынша, ол өлі баланы үйінде босанған, қорқып қоқыс жәшігіне апарып тастапты. Бұл жағдай жұртты дүр сілкіндірді.
"Рождество-Дөң" тасжолы бойында орналасқан қоқыс полигонынан қара полиэтилен пакетке оралған шақалақ табылған болатын. Бұған қатысты "Жаңа туған нәрестені өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.