Әлеуметтік желіде ел астанасында 80 млн теңгеге мұз қалашықты салу шу тудырды. Себебі, бюджеттен неге сонша көп ақшаның бөлінгені түсініксіз, деп хабарлады paryz.kz, "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.
Осыдан 5 жыл бұрын қалада салынған бір мұз қалашығы аяқ астынан күн жылынып, еріп кеткен еді. Биыл да соның кебін киеміз, оның үстіне мұқтаж жандарға осындай қыруар қаржыға Нұр-Сұлтанның қақ ортасынан бірнеше пәтер алып беруге болар еді деген жұрт реніштерін білдіріп жатыр.
Осыған орай Алматы аудандық әкімдігі: "Алматы ауданында 3 тұрғын алабында 7 мұз төбешігі мен 5 мұз айдынында 9 бірдей алаң орналасады. Әрі ауданның 3 мектебінің ауласына 3 мұз айдыны салынбақ", - деп мәлімдеді.
Бірақ бұл жұмыстарға қанша қаражат жұмсалатыны айтылмаған.