Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Бозжыра ауылдық округінде дала өртін сөндіру кезінде қаза болған №22 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаевтың отбасына пәтер беріледі.
«Өңірдегі «Фирма Азия» ЖШС марқұмның жанұясына үш бөлмелі пәтер береді. Айдос Ерланұлының артында әйелі мен 5 баласы қалған», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бері еңбек еткен 36 жастағы сержант ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылған.