Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыз өлі табылды, - деп хабарлайды paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Іздеудегі қыз табылды. Өкінішке орай, 5 жастағы Мадина Ерланқызы өзенге батып кеткен", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Желіде Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қыздың видеосы жарияланғаны хабарланған болатын. 2017 жылы туған Мадина Ерланқызы 7 тамызда Қостанай облысына қарасты Жамбыл ауылындағы үйінен таңға жуық шығып кеткен. Бала 18 және 13 жастағы әпкелерінің бақылауында болған. Қыздар таңертең оянғанда бүлдіршінді таппай қалған. Қыздың анасы полицияның көмегіне жүгінген. Баланы іздеу жұмыстарына тепловизор да қолданылды. Кейін ерікті оны қалай көріп қалғанын айтып берген еді. Жүгері алқаптарының бірінен бала тісінің ізі бар жүгері табылды. Ол сараптамаға жөнелтілді. Іздеу тобы ауыл маңайындағы егістік алқаптарына әуе шарына байланған азық-түліктер қалдырды. Сондай-ақ Рудный дельтаклубының нұсқаушылары егістік алқаптарын түні бойы дельтапландармен тінтіп шықты.