09.08.2022, 17:18

"Ерікеннен өлтіре салмайды": Көпшілік оралдық кәсіпкерді өлтіргендерді қолдап шықты

Фото: видеодан скриншот

Жақында ғана Оралда кәсіпкерді айлық төлемегені үшін өлтірген өлтіргендерді желі оқырмандары қолдап шықты.

Бұл туралы кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды paryz.kz. 

"Адамды тапа тал түсте пышақтағаннан да қорқынышты үрдісті байқадым: Даулет деген блогердің парақшасынан байқағаным комент жазғандардың 90% “Обал жоқ, ақшасын бермеген ғой” деп кісі бауыздаған қанішерлерді қорғап отыр... Ең қорқынышты нәрсе бұл", - деп жазды Ахметбек Нұрсила.