"Кезінде отандық БАҚ Нығматуллиннің нұсқауымен түрмеге қамалды деген балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбеков ақталды деген ақпарат жетті. Сейітқазы мен Әсет Матаевтар да экс-спикердің "демеуімен" қамалды деп еді саясаттан сауаты барлар. Сонда жолына көлденең тұрғанның бәрін түрмеге қамай берген бе? Қуат Сұлтанбеков ақталуын ақталды ғой. Бірақ, қамауда өткен он жылын кім қайтарады?"- деп жазған t.me/ongar_online.