"Есін жиды" - Дәрігерлер үстіне теледидар құлаған 2 жасар қыз баланың жағдайы туралы

БҚО-да үстіне теледидар құлаған 2 жасар қыз бала есін жиды, деп хабарлайды Paryz.kz, Inform.kz-ке сілтеме жасап. 

"Есін жиды" - Дәрігерлер үстіне теледидар құлаған 2 жасар қыз баланың жағдайы туралы

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі кезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатқан қыз жансақтау бөлімінен анасының қасына көшірілді.

«Екі жасар қыз баланың жағдайы әлі де ауыр, бірақ тұрақты. Дәрігерлер әзірге ота жасаудың қажеті жоқ деп отыр», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-дағы ауруханалардың бірінде сәбидің үстіне теледидар құлағанын жазған болатынбыз. Оқиға Бәйтерек ауданы Переметный ауылындағы аудандық ауруханада болды.

Осында емделген қыз бала әкесі екеуі аталмыш ауруханаға анықтама алу үшін келгенде, үстіне теледидар құлап кетіп, оқыс оқиғаға душар болды.

Тағы оқыңыздар: БҚО-дағы ауруханалардың бірінде сәбидің үстіне теледидар құлады