БҚО-дағы ауруханалардың бірінде сәбидің үстіне теледидар құлады

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек аудандық ауруханасында ойнап жүрген 2020 жылы туған қыз баланың үстіне теледидар құлады, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО-дағы ауруханалардың бірінде сәбидің үстіне теледидар құлады

Бала ойнап жүріп теледидар астындағы тұғырға көтерілген. Әкесі жанында алаңсыз отырған. Теледидардың астында қалған сәбиді әкесі қолына алып қабылдау бөлмесіне жүгіреді. Олар ауруханаға анықтама алу үшін барған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы педиатр шұғыл қараған. Ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер қолданылып, бас сүйегі мен кеуде қуысы рентгенге түсіріліп, санитарлық авиация шақырылған. Баланың жағдайы нашарлай бастаған соң, балалар реаниматологының кеңесімен шұғыл түрде облыстық ауруханаға жіберу ұсынылады.

Педиатрдың қадағалауымен реанимобильмен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, бала жансақтау бөліміне жатқызылған.

Жабық бас сүйек-ми жарақаты, субарахноидты қан кету, маңдай-париетальды сүйектің сынуы анықталған. Қазір баланың жағдайы тұрақты ауыр.