23.02.2022, 20:00

730 бала оқитын мектеп қабырғасы сетінеп қирауда

Сурет: Turkystan.kz

Алдағы 2024 жылы ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл болады. Ал қылқалам шеберінің алтын бесігі Панфилов ауданы Алтыүй ауылындағы Ә.Қастеев атындағы мектептің жағдайы жан аярлық, деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Алматы облысында іс-сапарда жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әжімжан айтты.

–Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша мектептің жағдайымен арнайы барып таныстық. Ашығын айту керек, білім ошағының бүгінгі жай-күйі адам аярлық… Бұл ауылға жаңа мектеп салу керек.  Қолданыстағы 730 бала оқитын мектеп қабырғасы сетінеп қираудың аз-ақ алдында тұр. Шәкірттер «тас дәуіріндегі» партада отыр, – деді ол.

Депутат осы проблеманы бақылауда алатынын айтты.