12.11.2021, 16:21

Қазақстаннан 25 мыңнан астам адам көшіп кеткен

фото: ашық дереккөз

Биыл Қазақстанға келгендердің басым бөлігі Өзбекстаннан: 2,5 мың адам.

Үш тоқсан ішінде Қазақстаннан 25 мыңнан астам адам кеткен. Зерттеулерге сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізге 7,2 мың адам келген, бұл 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 21,5%-ға аз деп хабарлайды Paryz.kz.

Дәл осы уақыт аралғында 25,3 мың тұрғын елден кетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,1%-ға көп, – дейді сарапшылар.

Ranking.kz-тің жазуынша, биыл Қазақстанға келгендердің басым бөлігі Өзбекстаннан: 2,5 мың адам. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,8%-ға көп. Екінші және үшінші орынды Ресей мен Қырғызстан иеленді. Осы үш ел келушілердің 74 пайызын құрап отыр.

 

Қазақстандықтар қайда қоныс аударады?

Қазақстан азаматтары көп жағдайда Ресейге көшеді: 21,2 мың адам немесе барлық эмигранттардың 83,6 пайызын құрайды. Қазақстандықтар қоныс аударатын үш елдің қатарына Германия мен Польша да кірді, – дейді сарапшылар.