03.11.2021, 17:45

Қазақстанда төрт жаңа түрме салынады

фото: ашық дереккөз

Бұл 1,5 мың орынға есептелген заманауи типтегі колониялар болады.

Қазақстанда төрт колония салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа колониялар салу бойынша үлкен жоба дайындап жатырмыз. Үш жыл ішінде үш облыста төрт колония салу жоспарда бар, - деді ІІМ басшысы.

Оның айтуынша, бұл 1,5 мың орынға есептелген заманауи типтегі колониялар болады.

Онда халықаралық ұйым талаптарына сай барлық норма сақталатын болады, - деп атап өтті Тұрғымбаев.