Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Президент QazVac вакцинасы мұсылман елдеріне жіберілетінін айтты

ТМД елдері арасында Қазақстан мен Ресей ғана COVID-19 індетіне қарсы вакцина өндірісін жолға қойған.

Президент QazVac вакцинасы мұсылман елдеріне жіберілетінін айтты
фото: дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев QazVac вакцинасын шығаратын биофармацевтика зауытының жұмысымен танысты деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Vемлекет басшысының Жамбыл облысына жұмыс сапары Қордай ауданындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтынан басталды.

Оқи отырыңыз: QazVak вакцинасы халал сертификатын алды

Токаев посетил биофармацевтический завод Otarbiopharm

Президентке вакцина өндірісінің технология желісі, зертхана жабдықтары мен мобильді реакторлар көрсетілді.

Институттың бас директоры Күнсұлу Закария Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтын одан әрі дамыту жоспары туралы баяндады.

Зауыт өндірістік тәжірибе бойынша халықаралық стандарттарға сай келетін иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус індетіне қарсы вакцина, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлы дерматитке және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығаратын болады, - делінген ресми ақпаратта.

Жылына биофармацевтика препаратының 30-дан 60 миллионға дейін дозасын әзірлеу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны – 15,6 миллиард теңге.

Токаев посетил биофармацевтический завод Otarbiopharm

ТМД елдері арасында Қазақстан мен Ресей ғана COVID-19 індетіне қарсы вакцина өндірісін жолға қойған

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 16 қыркүйек күні 100 мың доза көлемінде вакцина құю өндірісі іске қосылғаны туралы мәлімет берілді.

ТМД елдері арасында Қазақстан мен Ресей ғана COVID-19 індетіне қарсы вакцина өндірісін жолға қойған.

Президент зауыт қызметкерлерімен әңгімелесу барысында жобаның маңызды екенін айтып, отандық вакцинаның коронавирус індетіне қарсы күреске және халықтың денсаулығын күшейтуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.

Еліміз үшін қажетті өндіріс. Негізгі жұмыс орындалды. Бәрі дұрыс. Келесі жылы осы жұмысты жалғастырамыз. Бұл вакцинаны Ауғанстан және басқа да мұсылман елдеріне жібереміз. Вакцинамыз дүние жүзінде мойындалып жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл өте күрделі процесс екенін атап өтті.

Шын мәнінде, дүниежүзінде мұндай өндіріс жасау үшін үш-төрт жыл кетеді. Біз тоғыз айдың ішінде жұмысты орындадық. Сондықтан еңбектеріңіз мемлекет тарапынан жоғары бағаланады, - деді ол.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Сапар барысында Тоқаев әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды.