Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

QazVac вакцинасы халал сертификатын алды

Институт алпыс жылдан астам уақыт бойы биоқауіпсіздік, вирусология, микробиология, иммунология салаларында тәжірибе жинақтады. 

QazVac вакцинасы халал сертификатын алды
фото: ашық дереккөз

QazVac вакцинасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал сертификатын алды деп хабарлайды Paryz.kz

3 тамызда Бас мүфти орынбасары, теолог Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына "Халал Даму" ЖШС сертификатын табыс етті деп жазылған Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты сайтында.

Тіркеу нөмірі 000669, кәсіпорын өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС. Вакцина халал дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталды.

Бұдан бұрын "QMDB Halal" стандарты бойынша QazVac вакцинасын сертификаттау мақсатында мүфтият өкілдері институтта болып, "OtarBioPharm" биофармацевтикалық зауыт жағдайында вакцина өндірудің технологиялық үдерісімен мұқият танысқан болатын.

Сертификат алуға зертхана меңгерушілері белсенді атсалысқан.

QazVac вакцинасын Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының мамандары әзірлеген болатын.

Институт алпыс жылдан астам уақыт бойы биоқауіпсіздік, вирусология, микробиология, иммунология салаларында тәжірибе жинақтады. Ғалымдар 60-қа жуық препарат әзірлеп, енгізді. Соның ішінде 30 вакцина, 16 тест жүйесі мен 15 биопрепарат бар. Институт соңғы 10 жылда құс және шошқа тұмауына қарсы отандық вакцина әзірлеу технологиясын жасады.