Себебі қазіргі күні Атабекке шетелде ем алу қажет дейді жақындары.
Қоғам қайраткері Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан қазақстандықтарға үндеу жариялады. Ол әкесінің денсаулығы нашар екенін айтып, журналистерден отбасының мазасын алмауды өтінді деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқи отырыңыз: Арон Атабек бостандыққа шықты
Арон Атабекке қазіргі күні бірнеше апта денсаулығының өте нашар екеніне байланысты тыныштық қажет. Пандемия өршіп тұрған кезде, үйге келіп, онымен кездесуді сұрап, мазамызды алмауды өтінеміз. Кейбір блогерлер мен журналистер сұхбат алғылары келіп, үздіксіз хабарласып жатыр, бірақ әкеміздің жағдайы дұрысталғанша күте тұрған жөн, – деп жазады Арон Атабектің қызы.
Қоғам қайраткерінің отбасы оны ақтап шығу және жазаны алып тастау үшін ары қарай күресетіндерін жеткізген. Себебі қазіргі күні Атабекке шетелде ем алу қажет дейді жақындары.