Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Арон Атабек бостандыққа шықты

Дәрігерлер Арон Атабектің дауасы жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағанын анықтаған.

Арон Атабек бостандыққа шықты
фото: ашық дереккөз

"Шаңырақ оқиғасына" байланысты 15 жыл түрмеде отырған ақын, диссидент Арон Атабек бостандыққа шығатын болды деп хабарлайды Paryz.kz

Бүгін Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің денсаулығына байланысты жазасын жеңілдету жөнінде өтінішті орындаған.

Дәрігерлер Арон Атабектің дауасы жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағанын анықтаған.

Оқи отырыңыз: Арон Атабек ауруханаға түсіп қалды

Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар, — делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетейік, Арон Атабек 2006 жылғы Алматыдағы "Шаңырақ оқиғасынан" кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген.