Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Оқушыларды алдап, вакцинациялау келісіміне қол қойдырады»: Желідегі ақпарат жұртты дүрліктірді

Ережемен танысу дерегін растап, журналға қол қою бала үшін қауіпті болуы мүмкін. Олардың айтуынша, балаға коронаврусқа қарсы вакцинацияға келісім қағазы берілуі мүмкін.

«Оқушыларды алдап, вакцинациялау келісіміне қол қойдырады»: Желідегі ақпарат жұртты дүрліктірді
фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар алаяқтық жолмен мектеп оқушыларын вакциналау туралы тағы бір фейк таратып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz, Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, қазақстандық ата-аналар оқушылар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен танысып, оған қол қойып жатқанына алаңдаулы. Ережемен танысу дерегін растап, журналға қол қою бала үшін қауіпті болуы мүмкін. Олардың айтуынша, балаға коронаврусқа қарсы вакцинацияға келісім қағазы берілуі мүмкін.

Тағы оқи отырыңыз: Ата-аналарды балаларға вакцина салу туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлеп жатыр ма?..

Білім және ғылым министрлігі ата-ана алаңдаушылығына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқанын растайтын қолтаңбаны оқушылар жеке бланкіге емес, арнайы журналға қояды. Сонымен қатар, нұсқаулықпен таныстыру оқушылар құқығынн бұзу болып саналмайды.

Нұсқаулық өткізу туралы міндетті түрде кіріспе тіркеу журналына жазылады. Әрбір нұсқаулық кезінде журналды толтыру міндетті саналады. Бұл ретте журналдағы жазбаларда нұсқаушы мен білім алушылар туралы ақпарат, нұсқаулық өткізу күні мен тақырыбы және нұсқаушы мен оқушылар қолы қойылған болуы тиіс. Журналдағы ақпарат ата-ана құқығын бұзбайды, өйткені оқушының қолы оның әртүрлі жағдайда қауіпсіз әрекет ету шараларымен таныс екенін растайды, - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық көмек Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 141 бұйрығына сәйкес көрсетіледі. Осы бұйрықтың 18-тармағына сәйкес мектеп жоспарлы түрде профилактикалық тексерулер, вакцинация немесе басқа да медициналық қызметтер көрсету кезінде жазбаша ақпараттандырылған келісім алуға немесе медициналық араласудан бас тартуға көмек көрсете алады. Мұндай құжатқа кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі қол қоюы керек, делінген хабарламада.

Қорыта айтқанда, мектептерде коронавирусқа қарсы вакциналау келісімі бланкін кіріспе нұсқаулықты тіркеу журналы деп беріп, балаларды егілуге рұқсат беруге мәжбүрлемейді. Біріншіден, мұндай әрекеттер заңсыз, екіншіден, журнал медициналық процедураларды жүргізуге ақпараттандырылған келісім нысанынан мүлдем өзгеше.