Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ата-аналарды балаларға вакцина салу туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлеп жатыр ма?..

Оларға диаскин-тест жасауға және тұмауға қарсы егуге ақпараттандырылған келісім бланкісі беріледі екен.

Ата-аналарды балаларға вакцина салу туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлеп жатыр ма?..
фото: ашық дереккөз

Желіде ата-аналарды мектеп оқушыларына коронавирусқа қарсы вакцина салу туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіндігі туралы хабарламалар таратылып жатыр деп хабарлайды Paryz.kz, StopFake.kz-ке сілтеме жасап. 

Оларға диаскин-тест жасауға және тұмауға қарсы егуге ақпараттандырылған келісім бланкісі беріледі екен. Оған қол қойған ата-ана баласын КВИ-ге қарсы егуге рұқсат береді. Бұл - фейк.

Шын мәнінде, мұндай бланкілер қазақстандық оқушылардың ата-аналарына берілмейді. ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді.

Диаскин тест – бұл адамның туберкулезбен ауыратындығын анықтайтын нақты тест. Ол барлық балаларға бірдей жасалмайды. Оны Манту сынамасы оң нәтиже берген мектеп оқушыларына ғана жасайды. Диаскин-тест мектептерде емес, туберкулез диспансерлерінде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалады. Тұмауға қарсы вакцинация да мектеп қабырғасында жүргізілмейді. Оның үстіне, бүгінгі күні Қазақстанда да, әлемде де бір уақытта тұмаудан да, КВИ-ден де қорғайтын поливакциналар жоқ, – деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Демек, ата-аналарды балаларды егуге келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат - фейк. Елімізде диаскин-тест те, тұмауға қарсы вакцинация да мектептерде жүргізілмейді.