29.07.2021, 15:17

Мінсіз мүсінін паш еткен Назима ерлер қауымын "шалқасынан түсірді" (ВИДЕО)

фото: ашық дереккөз

Қалың көпшілік Назиманың әншілік қабілетін ғана емес, талдырмаш мүсініне де тәнті болған.

Танымал әнші Назима Жәнібекова әлеуметтік желіде ашық образдағы фотоларын жариялап, ерлер қауымын "шалқасынан түсірді" деп жазады Paryz.kz.

Ол күні кеше ғана "Отлетай" атты жаңа туындысын ұсынды. Бұл әнді асыға күткен жанкүйерлері үшін өнерпаз жаңа трекке мың бұрала билеген де. Әнші видеоны Instagram парақшасында жариялапты. Бейнежазбада өнер иесінің бар дене сымбатын паш ете билеп жатқанын көруге болады. Қалың көпшілік Назиманың әншілік қабілетін ғана емес, талдырмаш мүсініне де тәнті болған.

Әншінің оқырмандары "Мінсіз ару. Өзің де, әнің де керемет. Маған ұнады", "Сұлу қыз. Күн сайын жасарып бара жатқан секілді", "Бұрынғы жолдасы аса қатты қызғанып отырған шығар. Қолдағы бақты бағаламады", "Мына образ сізге сондай жарасып тұр. Көзімді ала алмай қарап отырмын", "Сізге қарап ана екеніңізді айту қиынға соғады. Жап-жас қыздайсыз", "Не деген фигура", - деп жарыса жазып жатыр.