21.02.2022, 10:00

Баян Мақсатқызының зорлық туралы фильміне «халықаралық» баға берілді

Сурет: Stan.kz

Режиссер Асқар Ұзабаев пен продюсер Баян Мақсатқызының "Бақыт" фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде “Панорама” секциясының көрермендер көзайымы бойынша бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы Баян Мақсатқызы өзінің instagram желісінде хабарлады.

Бүгін біздің картинаның "Панорама" секциясында бас жүлдеге ие болғаны белгілі болды. Бұл Берлиналдағы ең беделді бөлім. Пандемия кезінде бізді 20 мың адам қарады, олардың көпшілігі біздің суретімізге дауыс берген екен. Мен өте бақыттымын, өйткені бір жыл бұрын жасалған еңбек нәтижесін берді. Біздің проблемамыз туралы картинамыз тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде көрсетілетін болады, – деді продюсер.

Ол қазақстандық фильмнің фестивальде үлкен резонанс тудырғанын айтты. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баяндайтын "Бақыт" фильмі көрермендерден де, халықаралық баспасөзден де көптеген таңданарлық пікірлер алған.

“Бақыт” фильімінің негізгі сюжеті біздің еліміздегі кішкентай қалашықтағы бір отбасының ұзақ жылдар бойы келе жатқан зорлық-зомбылық әрекетін көрсетеді. Басты үш кейіпкер күйеуі, әйелі және олардың қыздары арасындағы қысым әрекеттері өздерін құрбанға айналдырғанын бейнелейді.